National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

2014 жылғы 25 қазан

 

28 қазанда Қазақстан Президенті Дубайда өтетін 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барады деп жоспарланып отыр.

 «Экономикалық өсім жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған биылғы форум жұмысына бірқатар шетел мемлекеттерінің басшылары және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен іскерлік топтардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады.

Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше-мемлекеттердің жыл сайын өтетін негізгі экономикалық саммиті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің