National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

2014 жылғы 19 желтоқсан

 

22 желтоқсанға Қазақстан Президентінің Украинаға жұмыс сапары жоспарланған, оның барысында сол елдің басшылығымен келіссөздер жүргізіледі.

23 желтоқсанда Мәскеуде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.

Сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарда іске қосылатын ЕАЭО-ның қарсаңында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы болады.

25 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір шарасына және «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің