National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

2015 жылғы 18 наурыз

 

Мемлекеттік хатшы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасы бес институттық реформа туралы жариялағанын, олардың қатарында қазіргі заманғы, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесі бар екенін атап өтті.

Г.Әбдіқалықова «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған жастардың әлеуетін аталған бағытта барынша пайдалану және оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажеттігін айтты. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда бағдарлама түлектерінің тек 6,5%-ы (384 адам) мемлекеттік органдарда қызмет етіп жүр. Бұл көрсеткішті ұлғайту қажет.

Г.Әбдіқалықова «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру аясында ел экономикасының басымдығы бар салалары мен мемлекеттік аппарат үшін қажетті жоғары кәсіби кадрларды даярлау  мәселесі бойынша Комиссия алдында тұрған міндеттерді белгілеп берді. 

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың өзекті мәселелері де қаралды.

Биыл еліміздегі жоғары оқу орындарына ғылыми кадрларды даярлайтын жаңа Split PhD жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Ол Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы үшін кадрлар даярлауға бағытталған.

 Сондай-ақ «Болашақ» стипендиясы иегерлерін ағылшын тілі бойынша тілдік даярлықтан өткізудің жаңа үлгісін енгізу жоспарлануда.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жұмысын одан әрі ұйымдастыруға байланысты бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің