National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

2013 жылғы 12 тамыз

 

Кездесу барысында Б.Байбек партияның «Қазақстан – 2050» Стратегиясын түсіндіру және іске асыру жөніндегі жұмысы, «Нұр Отан» ХДП XV съезіне дайындық барысы және саяси Доктрина жобасын әзірлеудің аяқталғаны туралы баяндады.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары «Нұр Отан» ХДП-ның бастамасы бойынша Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өткеніне тоқталды. Оның қорытындысында жетекші саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер елімізде жүргізілген жергілікті өзін-өзі басқару және әкімшілендіру жүйесі реформаларына қолдау білдірді.

– Жалпыұлттық коалицияның отырысы барысында біз барлық партиялармен сайлаудың ашықтығы және заңдылығы туралы мониторинг жасау, оларға жергілікті  маңызы себебінен партиялық тұрғыдан басымдық берілмейтіні жөніндегі уағдаластыққа қол жеткіздік. Жалпы айтарлықтай тәртіп бұзушылықтар тіркелген жоқ, халық сайлауды жақсы қабылдады, – деді Б.Байбек.  

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары партия жұмысының негізгі пішімі жаңартылғаны туралы да хабардар етті.

– Сіздің тапсырмаңыз бойынша, «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауында, министрлер, депутаттар орталықта және жергілікті жерлерде азаматтарға жеке қабылдаулар жүргізді. Бірінші жартыжылдық қорытындысы нәтижесінде қоғамдық қабылдаудағы өтініштер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 75 %-ға артты, бұл азаматтар тарапынан сенім арта түскенінің дәлелі, – деді Б.Байбек.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары партиялық құрылым «жүктемесі» бойынша халық алдында олардың тиімділігін, шынайылығын және жауапкершілігін арттыруға бағытталған тапсырмалардың орындалуы туралы да баяндап берді. Атап айтқанда, «Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебі Саяси менеджмент мектебі болып қайта құрылды. Оның базасында 200 мыңнан астам партия мүшесін біріктіретін бастауыш партия ұйымдарының басшылары оқытылды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы партия алдына қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің