National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталесті қабылдады

2014 жылғы 21 қазан

 

Кездесуде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына дайындықтың барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы аталған жұмыстар қатаң кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанына тоқталды.

– Сіздің сапарыңыз әрдайым зор маңызға ие, өйткені ол бұдан арғы іс-қимылды реттеп, Қазақстан үшін аса маңызды іс-шараны өткізуге уақтылы дайындалуға мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

В.Лоссерталес өз кезегінде көрме жобалары сәтті жүзеге асырылып жатқанын, оған оның жалпыұлттық ауқымы мен Қазақстан Президенті тарапынан көрсетіліп отырған ұдайы қолдау септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

– Құрылыс жедел қарқынмен, тіпті кестеден оза жүргізілуде. Мен 25 жылдық  жұмыс барысында нысандар құрылысының осынша тез және тиісті деңгейде жүргізілгенін ешқашан көрмегенімді айтқым келеді. Алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтетініне сенімдімін, – деді В.Лоссерталес.

Халықаралық көрмелер бюрасының Бас хатшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысушылардың бірінші жиналысы ертеңге жоспарланып отырғанын хабарлады. Оған әлемнің түрлі елдерінен шамамен 140 өкіл қатысатын болады.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің