Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 қазан 2017
Қазақстан Президенті Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті

Кездесуге Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.Лавров, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры А.Торкунов, ERG компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі П.Шодиев, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов қатысты.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының мәртебесі ерекше екенін айтып, оның дипломаттар мен сыртқы саясат ведомстволары қызметкерлерінің арасындағы беделі жоғары екенін атап өтті.

– Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты үнемі көпшілік білім алуға ұмтылатын айрықша оқу орны болды. Жастарымыз қазір де сонда оқығанды қалайды. Біз Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтымен және Астанада филиалы бар Мәскеу мемлекеттік университетімен тиімді байланыстар орнаттық, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мемлекетаралық диалогты нығайту мәселесіне тоқталып, дипломатиялық кадрларды Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына тарту қажеттігін айтты.

Кездесуге қатысушылар Астанада өтіп жатқан Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектерінің IV халықаралық форумының ауқымдылығы мен оның елдеріміз арасындағы дипломатиялық байланыстарды күшейтудегі рөлін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар