Жаңалықтар

11 мамыр 2017
Қазақстан Президенті «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсумен кездесті

Кездесуде Мемлекет басшысына білім беру мекемесінің жұмыс нәтижелері туралы есеп беріліп, университеттің құрылғанынан бергі жетістіктері және оны бұдан әрі дамыту жоспарлары жөнінде баяндалды.

Елбасыға «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесі 7 жылдағы өз жұмысы барысында жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының үздік тәжірибесін қабылдағаны, сондай-ақ оқу орнында болашағынан үміт күттіретін ең дарынды студенттерді іріктеуге септігін тигізетін меритократия қағидаты енгізілгені мәлімделді.

Биыл «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің үшінші түлектері оқуды тәмамдайды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар