Жаңалықтар

17 сәуір 2017
Мемлекет басшысы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

Кездесуде Елбасыға Түркі академиясының қызметі және Қазақстан Президентінің тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп берілді.  

Д.Қыдырәлі Нұрсұлтан Назарбаевқа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты Академия жұмысының перспективалары, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген халықаралық симпозиум мен «Ұлы дала» гуманитарлық форумының нәтижелері туралы баяндады.

Д.Қыдырәлінің мәліметі бойынша, Халықаралық Түркі академиясы Моңғолия аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, оның барысында көне түркі заманының жаңа жәдігерліктері табылған.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Академия жұмысын жоғары бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар