Жаңалықтар

6 мамыр 2017
Елбасы Отан қорғаушы күніне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған мерекелік концертке қатысты
«Қазақстан» орталық концерт залы

Концерт Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған деректі фильм көрсетуден басталды. Бағдарламаға Қарулы Күштердің барлық әскер түрлерінің шығармашылық ұжымдары, республикалық «Жас ұлан» мектебі мен мамандандырылған «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ Қарулы Күштер орталық ансамблі мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрі қатысты.

Концертте  патриоттық әндер шырқалып, фольклорлық музыкалық шығармалар орындалды, сондай-ақ әр кезеңнің қаһармандарын ұлықтауға арналған хореграфиялық композиция көрсетілді.

Сонымен қатар, А.Александров атындағы Ресей әскері ансамблінің жетекші солисі Б.Дьяков, Қытай Қорғаныс министрлігінің әндер мен билер ансамблінің жетекші солисі В.Лид, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрінің жетекші солисі А.Жылтыркөзов өнер көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кеңестер мен отырыстар
Барлық кеңестер мен отырыстар