Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

10 ақпан 2017
Қазақстан Президентінің төрағалығымен экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының мәселелері жөніндегі кеңес өтті

Кеңеске Премьер-Министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер және компаниялар, сондай-ақ еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды.

Сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны дамыту және базалық салаларды техникалық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Қазақстан Президенті кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кеңестер мен отырыстар
Барлық кеңестер мен отырыстар