National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президенттің төрағалығымен Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

2014 жылғы 14 қараша

 

Отырыста Мемлекет басшысының  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан бөлінетін қаражатты пайдалану жолдары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа экономикалық саясат аясында ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.

– Экономика өсімінің қарқынын бәсеңдетуге, халық арасында жұмыссыздықтың белең алуына жол бермеу үшін біз жаңа бағдарламаны іске қостық. Әлемде қалыптасқан ахуал жағдайында сырттан келетін қаражат экономика үшін жеткіліксіз. Сондықтан біз Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды ұйғардық. Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға үш жыл бойы жыл сайын 3 миллиард доллар бөлінеді. Сонымен бірге халықаралық қаржылық ұйымдардың несие желілері, сондай-ақ былтыр бөлінген 1 триллион теңге бар. Осы қаражаттарды жұмсау механизмін нақты айқындау керек, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаржы ресурстарының мақсатқа сай әрі тиімді жұмсалуын бақылаудың маңыздылығына назар аударды.

Мемлекет басшысы отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің