National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұжымының хаты

2014 жылғы 09 желтоқсан

 

Корпорация жұмысшылары Қазақстан Президентіне Жезқазған және Сәтбаев қалаларын, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданын дамытуға бағытталған шаралар үшін алғыстарын білдірген. Авторлар өңірге көрсетілген қолдаудың арқасында айтарлықтай оң өзгерістер болғанын атап өткен.

«Жезқазған – Бейнеу» теміржолын пайдалануға беру елеулі оқиға болды, соның арқасында біздің өңір индустриялық және коммерциялық тұрғыдан дамуға тың серпін алып отыр», – делінген хатта.

Корпорация жұмысшылары сондай-ақ Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Жезқазған мыс қорыту зауыты жұмысын қайта жандандырғанын, онда металы аз кендерді алу үшін гидрометаллургия технологияларын енгізу үрдісі басталғанын атап өткен. Авторлардың айтуынша, мұндай өзгерістер өңір тұрғындарының табысты болашаққа деген сенімін арттырады.  

Соңында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұжымы Мемлекет басшысының көрсетіп отырған қолдауына тағы да алғыстарын айтып, оған денсаулық тіледі.

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің