National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент сайлауын өткізу туралы шешімге қолдау білдірген және Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кандидатурасын ұсынуын өтінген хаттар мен жеделхаттар

2015 жылғы 03 наурыз

 

Мемлекет басшысының атына еңбек ұжымдарынан, қоғамдық бірлестіктердің мүшелерінен, медицина қызметкерлерінен, білім беру саласының өкілдерінен, сондай-ақ елдің түрлі өңірлеріндегі тұрғындардан Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы сайлауға қатысуын өтінген хаттар легі толассыз келіп түсуде.

Атап айтқанда, Екібастұз қаласынан «Богатырь Көмір» ЖШС мыңдаған адамдық еңбек ұжымы Елбасының басшылығымен Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың элитасына кіріп, өз орнын мықтап бекіткенін айтады.  

«Біз өз елімізді мақтан етеміз және оның қуатын одан әрі арттыра беруге ниеттіміз. Біз Сізге сенеміз. Сіз көпұлтты елімізде татулықты, келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз еттіңіз, бұл бүкіл әлемге айқын. Біздер, кеншілер, Сіздің саясатыңызды қолдап, Сізге сене отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауында өз кандидатураңызды ұсынуды сұраймыз», – делінген хатта.

Астана қаласындағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының жұмысшылары Мемлекет басшысының жүргізген саясатының арқасында олар инновациялық кәсіпорындағы қызықты жұмысқа кіріскендерін айтады.

«Біз бүгін президенттік сайлауға Өзіңіздің қатысуыңызды сұраймыз, өйткені Сіз елдегі тұрақтылық пен татулықтың кепілісіз», – деп жазады авторлар.

«Қарағанды металл конструкциялар зауыты – Имсталькон»  ЖШС ұжымы Президент сайлауын өткізу туралы жаңалықты ықыласпен қабылдағанын хабарлайды.

«Бүгінгі табыстар қуатты өндірістік әлеует пен білікті әрі білімді персонал болған кезде ғана мүмкін болады. Табиғи ресурстарымызды, дамыған өнеркәсібімізді сауатты пайдаланудың, күшті білім мен ғылымның арқасында бізде осының бәрі бар. Бірақ Көшбасшының басты рөлін Сіз атқарып отырсыз. Алдағы сайлауға қатысуыңызды сұраймыз. Біз Сізге сенеміз және кандидатураңызды қолдаймыз», – делінген хатта.

Павлодар қаласынан «Компания Нефтехим LTD» ЖШС қызметкерлері өз кәсіпорындары Қазақстан Президенті бастамашы болған кәсіпкерлік кластерді дамытудың нақты мысалдарының бірі болып саналатынын атап өткен.

«Осы бағдарламаның арқасында біз жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, инновациялық технологияларды енгіземіз, өз өнімдерімізді шығарамыз. Біз Сіздің күш-қуатыңыз, мемлекеттік және саяси қызметтегі бай тәжірибеңіз еліміздің игілігіне әлі ұзақ қызмет ететініне сенімдіміз. Мемлекет басшысы лауазымына кандидатураңызды ұсынуды сұраймыз», – делінген хатта.

«Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ жұмысшылары жүргізіліп жатқан индустриялық саясаты мен отандық өндірушілерге көрсеткен қолдауы үшін Мемлекет басшысына алғыс айтқан. Соның арқасында кәсіпорын тұрақты дамып, серіктестік байланыстары мен өткізу нарықтарын кеңейтуге мүмкіндік алып отыр.

«Сіздің Стратегияңыз, Сіздің бағдарламаңыз қарапайым адамның мүддесін көздейді, халыққа нағыз керегі де осы. Оларды жүзеге асыратыныңызға сенеміз. Сондықтан біздің еңбек ұжымы Қазақстан Президентінің алдағы сайлауында кандидатураңызды ұсынуды сұрайды. Біз Сіздің шешіміңізді қолдаймыз және Сізбен бірге жеңіске жететінімізге сенімдіміз», – делінген хатта.

Ақсу қаласынан «Евроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңгерімді саясатының нәтижесінде Қазақстандағы әрбір отбасы мемлекет қамқорлығын сезініп отырғанына тоқталған.

«Біз біртұтас, тату отбасы ретінде бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Көшбасшымыздың арқасында Қазақстан мүмкіндіктері мен болашағы зор елге айналды. Біз өз елімізді, өз Президентімізді жақсы көреміз, оған сенеміз. Біздер, энергетиктер, алдағы Президент сайлауына қатысуыңызды сұраймыз», – деп жазады авторлар.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ жұмысшылары қуатты мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорындары табысты дамып, жылдан жылға өндіріс қарқынын арттырып келе жатқанын хабарлайды.

«Біз алаңсыз жұмыс істей алатынымызға, лайықты табыс табатынымызға, балаларымызды тәрбиелеп, болашаққа сеніммен қарайтынымызға қуаныштымыз. Біз Сізді бір ауыздан қолдаймыз және президенттік сайлауға кандидатураңызды ұсынуды сұраймыз. Қуатты, гүлденген Қазақстанды Сізбен ғана елестете аламыз, және еліміздің болашағын деген үміт пен сенімді Сізбен байланыстырамыз», – делінген хатта.

 «Astana Solar» ЖШС ұжымының мүшелері Мемлекет басшысының экономикалық және саяси реформалар жүргізуге бағытталған саясатына сенім білдірген.

«Біздің елімізде жұмысшы тап Қазақстан қоғамын дамыту үдерісіне үлес қоса алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Жаңа экономикалық жағдайда президенттік сайлау өткізу Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді деп санаймыз. Осыған орай Сізден сайлауға қатысуды және Қазақстанның игілігі үшін қызметіңізді жалғастыруды сұраймыз», – деп жазады авторлар.

Ақтөбе қаласынан «Трансэнерго» АҚ жұмысшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың – ерекше ойлау қабілеті, мұқалмас жігері мен ғаламат еңбекқорлығы бар көреген саясаткердің басшылығындағы Қазақстанның қазіргі ахуалға арналған іс-қимыл жоспары бар екенін атап өткен.

«Белең алып келе жатқан экономикалық қиындықтарға байланысты дағдарысқа қарсы «Нұрлы жол» бағдарламасын табысты жүзеге асыру мақсатында ұжымның барлық мүшелері атынан Сіздің алдағы сайлауға қатысуыңызды сұраймыз. Біз еліміздің өз Көшбасшысымен бірге одан әрі  дамуы мен гүлденуі үшін дауыс береміз», – делінген хатта.

Астана қаласынан «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ еңбек ұжымы президенттік сайлау өткізу туралы шешім жаңа экономикалық жағдайда барлық қазақстандықтарды тұтастыруға, «Нұрлы жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға және «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді Стратегиясында айқындалған бағдармен жүруге мүмкіндік беретінін айтады.

«Сізден сайлауға қатысуыңызды және елімізді дамыту мен өркендету жолындағы қызметіңізді жалғастыруды сұраймыз», – деп жазады авторлар.

Астана қаласындағы ТОО «Тұлпар-Тальго» ЖШС зауытының жұмысшылары Мемлекет басшысына еңбек адамына деген ұдайы қамқорлығы үшін алғыс айтады.

«Сізді өзіңізбен бірге болашаққа сеніммен қарауға болатын республикамыздың көшбасшысы ретінде білетіндіктен, Президент сайлауына қатысуыңызды өтінеміз», – делінген хатта.

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені өкілдері еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын, реформаларды әрі қарай табысты жүргізудің міндетті шарты қоғамды топтастыру және саяси тұрақтылық екенін атап көрсеткен.  

«Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу бейбітшілікті, бірлікті және республикамыздағы келісімді нығайтуға септігін тигізетініне нық сенімді екенімізді білдіре отырып, Сізден, мойындалған әрі құрметті Ұлт Көшбасшысынан сайлауға қатысу үшін өз кандидатурасын ұсынуды өтінеміз», – деп жазады авторлар.

Қостанай қаласынан «Агротехмаш» ЖШС ұжымы бүкіл әлем үшін күрделі кезеңде Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен болашаққа батыл жоспар құрып жатқанына атап өткен.

«Бүгін біз Сіздің саясатыңызды қолдайтынымызды мәлімдейміз және өз кандидатураңызды Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында ұсынуды сұраймыз», – делінген хатта.

 «Уральскагрореммаш» АҚ жұмысшылары бүкіл халықтың сенімін ақтаған және халықаралық аренада беделге ие Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауына қатысуы тиіс екенін атап өткен.

«Сізді ішкі және сыртқы саясатты сәтті жүргізіп отырған, Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын ұдайы қамтамасыз еткен Ұлт Көшбасшысы ретінде айрықша бағалаймыз», – деп жазады авторлар.

Қызылорда облысындағы «Абзал және К» толық серіктестігі ұжымы еліміздің қол жеткізген табыстарын нықтай түсіп, бұдан әрі жаңа биіктерге ілгерілеуінің маңыздылығына назар аударыпты.

«Бұл үшін ең алдымен мемлекет басында Сіздің тұрғаныңыз қажет. Сондықтан біз Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Сіз қатысады деп үміттенеміз және Сізге өз дауысымызды беретінімізді хабарлаймыз. Барша қазақстандықтар сияқты біз болашағымызды тек Сізбен байланыстырамыз», – делінген хатта.  

Қызылорда облысындағы «Аралтұз» АҚ еңбеккерлері Қазақстанның барлық, соның ішінде халықаралық деңгейдегі елеулі жетістіктері Мемлекет басшысы қызметінің нәтижесі екенін атап өткен.

«Біз өз кандидатураңызды ұсынғаныңызды, сайлауда жеңгеніңізді және жұмысыңызды жалғастырғаныңызды қалаймыз. Бұл – тек біздің қызметкерлердің ғана емес, елдің тағдырын маңызды санайтын барша қазақстандықтардың тілегі»,  – деп жазады авторлар.

«Қарағанды кәмпиттері» АҚ ұжымының мүшелері Мемлекет басшысының басшылығымен ел жаңа биіктерге, бұдан арғы экономикалық дамуға және бақ-берекеге қол жеткізетініне сенім білдірген.

«Өз көшбасшымызға және ол жүргізіп келе жатқан саясатқа сенім артып, достық пен келісімді қолдай отырып, Сізден алдағы президент сайлауына өз кандидатураңызды ұсынуыңызды өтінеміз. Біз оған белсене қатысып, сіз үшін даусымызды береміз», – делінген хатта.

Қостанай қаласындағы «Баян Сұлу» АҚ еңбеккерлері Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандықтардың бүгінгі буыны тәуелсіз әрі бейбіт елде өмір сүруге мүмкіндік алғаны үшін алғыстарын жеткізген.

«Біз Сіздің әрдайым халық тек болашаққа сеніммен қарап, ел тағдырын өзінің тәжірибелі де дана Көшбасшысына сеніп тапсырғанда ғана мүмкін болатын бірлік, өсіп-өркендеу бағытындағы саясатыңызды қолдадық және қолдай береміз. Сондықтан Сізден өз кандидатураңызды Қазақстан Президенті сайлауына ұсынуды сұраймыз», – деп жазады авторлар.

Қарағанды облысы Саран қаласындағы «Казцентрэлектропровод» ЖШС еңбеккерлері еліміздегі татулық пен келісім, сондай-ақ табысты әлеуметтік-экономикалық даму Қазақстан халқының ең басты байлығы екенін айтады.

«Сізден алдағы президент сайлауына қатысу үшін өз кандидатураңызды  ұсынуды өтінеміз. Қазақстан халқына Сіздің дана саясатыңыз қажет», – делінген хатта.

Көкшетау қаласындағы «АП-Импекс» ЖШС ұжымы Мемлекет басшысы жүргізіп келе жатқан саясат арқасында бүкіл елде жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылып, дағдарысқа қарсы ауқымды бағдарлама жүзеге асыып жатқанын, Еуразиялық экономикалық одақ аясында белсене жұмыс жүргізіп жатқан шағын және орта бизнеске айтарлықтай қолдау жасалып отырғанын айтады.

«Біз сізден алдағы президент сайлауына өз кандидатураңызды ұсынуыңызды сұраймыз. Біз үшін бүкіл ұжымымыз бірауыздан дауыс беретін бір ғана кандидат бар», – деп жазады авторлар.

Көкшетау қаласындағы «Тыныс» АҚ еңбеккерлері ел алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығын сезініп және олардың табысты жүзеге асырылуын тек  Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстыра отырып,  оған алдағы президент сайлауына өз кандидатурасын ұсыну жөніндегі өтініштерін жеткізген.

«Біз Сізге сенеміз, Сізді бірауыздан қолдаймыз және Сіздің жеңетініңізге сенімдіміз. Тек Сіз ғана тәуелсіз Қазақстанды одан әрі өсіп-өркендеу, татулық пен келісім жолымен алып жүре аласыз», – делінген хатта.

Солтүстік Қазақстан облысы Мыңкесер ауылындағы «Мамбетов и компания» ұжымы ауылдардың дамып, жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар салынып, жаңа кәсіпорындар ашылып жатқанына көңіл аударыпты.

«Бүгінде бейбіт аспан астында өмір сүріп, сүйікті ісімізбен айналысып және өз балаларымызды тәрбиелей отырып, біз тұрақтылығымызды сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Бізді, ауыл еңбеккерлерін алаңсыздық пен ертеңгі күнге сенім үшін Сізге деген шексіз алғыс сезімі  баурайды. Біз Сізді қызу және жан-жақты қолдаймыз және президент сайлауына өз кандидатураңызды ұсынуыңызды сұраймыз», – деп жазады авторлар.

Елдің медицина қызметкерлері де хат жолдады. Мәселен, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ ұжымы Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында белгіленген жоспарлар тек Мемлекет басшысымен бірге жүзеге асырылатынын айтқан.

«Саяси тұрақтылық, елдің орнықты дамуы және халықтың бірлігі – отандық денсаулық сақтау саласындағы ұзақмерзімді жоспарларды жүзеге асырудың маңызды шарттары. Сондықтан Сізден президент сайлауына қатысуыңызды өтінеміз», – делінген хатта.

Павлодар облыстық кардиология орталығы еңбеккерлері  тәуелсіздік жылдары елімізде жаңа ауруханалар салынып, медицина мекемелері заманауи құрылғылармен жабдықталғанын және көлікпен қамтамасыз етілгенін атап өткен.

«Біз жылдан жылға көркейіп келе жатқан елімізді мақтан етеміз, қоғамымыздағы достық пен келісімді қастер тұтамыз. Сөзі мен ісі бір өз Президентімізбен мақтанамыз. Біз Сізді көреген саясаткер, өз республикасы мен халқын білетін, әлемде лайықты беделге ие стратег-көшбасшы ретінде танимыз. Бүгінде Сізге балама жоқ. Медицина қоғамдастығы Сізден өз кандидатураңызды президент сайлауына ұсынуыңызды сұрайды», – деп жазады авторлар.

Қарағанды облыстық кардиохирургия орталығы ұжымы тек Нұрсұлтан Назарбаев қана халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға қабілетті екенін айтады.

«Қазақстанға тұрақтылықты сақтау керек, Сіз соның кепілісіз. Осыған байланысты Сізден өз кандидатураңызды ұсынуыңызды және президент сайлауына қатысуыңызды өтінеміз», – делінген хатта.

Қарағанды қаласы №1 ауруханасының қызметкерлері мемлекет қолдауы мен Қазақстан Президентінің қамқорлығы арқасында медицина қызметкерлері өздерінің басты міндетін – халықтың денсаулығын сақтау  және нығайту ісін сапалы атқаруға қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілгенін айтады.

«Тек Сіз ғана халқымыздың тұтастығын сақтай алатыныңызға және дағдарыс кезеңінің қиындықтарын еңсеріп, мемлекетімізді әлемдегі ең өркендеген елдердің қатарына қоса алатыныңызға сенімдіміз. Осыған байланысты Сізден өз кандидатураңызды ұсынуыңызды және президент сайлауына қатысуыңызды өтінеміз», – деп жазады авторлар.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өз  кандидатурасын президент сайлауына ұсынуын қолдаған хаттар білім беру саласы өкілдерінен де келіп түсті. Атап айтқанда, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ұжымы тек Мемлекет басшысы ғана еліміздің тәуелсіздігін одан әрі нығайта алатынына тоқталған.

«Осыған байланысты Сізден президент сайлауына қатысу туралы шешім қабылдауды өтінеміз. Өз тарапымыздан Сізді қолдайтынымызға және Сіз үшін бірауыздан дауыс беретінімізге сендіреміз», – делінген хатта.

Астана қаласындағы «Сана Бала» ЖШС және «Академия» ББО қызметкерлері қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан халқы жұмылып, алдағы кезде беттесетін барлық қиындықтарды батыл еңсере алатынына сенім білдірген.

«Сізден алдағы президент сайлауына қатысуыңызды сұраймыз, ал біз өз тарапымыздан Сіз қойған міндеттердің орындалуы үшін барлық күш-жігерді жұмсаймыз», – деп жазады авторлар.

Алматы облысы Есік қаласындағы Абылайхан атындағы орта мектеп оқушысы Д.Аманғожа өз хатында болашақ мамандығын таңдауға қатысты арманы, жоспарлары жөнінде ой бөлісіп, өз отбасы мүшелерінің Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беру ниетінде екенін айта келіп, президент сайлауына қатысуын өтінген.

Ақтөбе облысының жауынгер-интернационалистері де Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында Қазақстан жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы ерте қамданғанын айтады.

«Өз Жолдауыңызда Сіз дағдарысқа қарсы терең ойластырылған бағдарлама ұсындыңыз. Егер Сіз алдағы сайлауға қатысатын болсаңыз, бүкіл Қазақстан халқы кандидатураңызды қолдайтынына сенімдіміз. Сізді таңдай отырып, біз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жолды»  таңдаймыз», – делінген хатта.

Олардың пікірін Астана қаласындағы «Оберег» Украин қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қолдаған және Нұрсұлтан Назарбаев халыққа шексіз қызмет етудің мысалы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың үлгісі екенін атап өткен.

«Сондықтан Сізден президенттік сайлауға қатысуыңызды сұраймыз. Біз елімізді гүлдендіріп, бақ-берекесін арттыруда зор биіктерге Сізбен ғана жететінімізге сенімдіміз», – деп жазады авторлар.

Астана қаласы мәслихатының депутаты  А.Байгенжин Мемлекет басшысының Президент сайлауына қатысуын барлық қазақстандықтар күтіп отырғанына тоқталған. Өйткені, бұл қадам елді дамытуға бағытталған маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Еліміздің жекелеген азаматтары да хат жолдады. Мәселен, Тараз қаласының тұрғыны, Парламент Сенатының экс-депутаты Ж.Кәрібаев еліміздің барлық ірі жетістіктері Мемлекет басшысы қызметінің жемісі екенін айтады.

«Алда жұмыс көп. «Қазақстан-2050» Стратегиясында, жыл сайынғы Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Сізден өз кандидатураңызды президенттік сайлауға ұсынуды сұраймын, өйткені басқа балама жоқ», – делінген хатта.

Алматы қаласының тұрғыны С.Медеубаев Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін атай отырып, әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге бағытталған шараларды Қазақстан Президентінің одан әрі жүзеге асыруы маңызды екенін айтқан.

Тараз қаласының тұрғыны А.Дүйсенбекова Елбасыдан кандидатурасын президенттік сайлауға ұсынуын өтіне отырып, оның отбасы түгелдей Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беруге дайын екенін мәлімдейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты хаттар легі әлі де жалғасуда.

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің