National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қайырымдылық ұйымдарының, меценаттар мен донорлардың І республикалық съезіне қатысты

2015 жылғы 27 қараша

 

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

 Съезд жұмысына 1200-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде қайырымдылық көрсетушілер, меценаттар, ҚХА мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени, діни бірлестіктердің, қорлардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, жастар, өңірлерден келген делегациялар және БАҚ өкілдері бар.

Съездің мақсаты – елде қайырымдылықтың өрістеуіне жаңаша екпін беру, қайырымдылықпен айналысатын барлық ұйымдар мен азаматтардың бірлесуіне ықпал ету.  

 Съезд делегаттарына Мемлекеттік хатшы сөз арнап, қайырымдылық қызметтің қоғамдық маңызы жоғары, сондай-ақ қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайтудағы рөлі зор екенін атап көрсетті.    

Г.Әбдіқалықова бүгінде «Қайырымдылық туралы» заңды жүзеге асыруға қоғамдық қолдау көрсетудің өзекті екенін, Съезд осы мәселе бойынша кең ауқымды әлеуметтік диалогтың өрбуіне жол ашуы керектігін айтты. 

 Съезд барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық саласындағы конкурстары мен жобаларының қорытындысы шығарылып, ем алуға мұқтаж балаларға қаражат жинау үшін өткізілген «Өмірім сізге аманат…» акциясының нәтижесі жария етілді. 

Съезд  жұмысы соңында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған және  2016 жылы үзбей іс-шаралары өткізіліп отыратын ҚХА-ның «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясының басталғаны жария етілді.    

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің