National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ТМД-ға мүше елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің Х форумына қатысты

2015 жылғы 22 қазан

 

Форум Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Достастықтың жетекші ұйымы – бүкіл ТМД елдерін біріктіретін, гуманитарлық сала бойынша барлық ынтымақтастықты үйлестіретін және ірі ауқымдағы жобаларды жүзеге асыратын ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) қолдауымен өткізіліп отыр.

Форум жұмысына Достастықтың барлық елдерінен 200-ге жуық делегат, соның ішінде МГЫҚ басқармасының төрағасы, Әзербайжан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі П.Бюльбюль-оглы, МГЫҚ басқармасының тең төрағасы, халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі Ресей Федерациясы Президентінің арнаулы өкілі М.Швыдкой, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылым, білім, мәдениет салаларының өкілдері, тиісті министрліктер мен Достастық елдерінің мекеме басшылары қатысуда.

«Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер үнқатысуы» тақырыбымен өткен биылғы мерейтойлық Х форум қазіргі жағдайларды ескере отырып ынтымақтастық жоспарларын талқылауға және басымдығы бар бағыттар мен жұмыс формасын анықтауға арналған. Делегаттар ТМД-да жарияланған Білім жылына  бірлескен дайындық мәселесіне айрықша назар аударуды жоспарлап отыр.  

Форумның жалпы отырысын Г.Әбдіқалықова  Қазақстан Президентінің құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар Форумға қатысушыларға Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің және ТМД-ға мүше өзге елдердің мемлекет басшыларының атынан құттықтау хаттар келіп түсті.

Форумның  пленарлық отырысы аясында «Дебюттер достастығы» сыйлығы иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.   

Форум жұмысы Мәскеуде өткен Достастықтың шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің ІХ форумындағы бірлескен жұмыстың  маңызды нәтижелері көрсетілген Қорытынды қарар қабылдаумен аяқталады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің