National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты

2016 жылғы 21 наурыз

 

Елбасы сайлауда дауыс берді және байқаушылармен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы бұл институттың бірегейлігін, соның арқасында Қазақстан 20 жыл бойы тыныштық пен татулықта өмір сүріп, өсіп-өркендеп келе жатқанын атап өтті.

Ассамблея 100-ден аса этнос атынан өздерінің мүддесін қорғайтын 9 депутатын сайлайды. Республикамыздың барлық облыстарында достық үйлері жұмыс істейді, 960-қа жуық этно-мәдени бірлестік бар. Жастарға, балаларға өз тілін, мәдениеті мен тарихын оқып-үйрену мүмкіндігі берілген. Сол арқылы біз бүкіл Қазақстан халқын байыта түсеміз. Мұндай тәжірибе еш жерде жоқ. Әлемнің әр түпкірінен келген байқаушылар Ассамблеяның бірегей тәжірибесін өзге елдерге тарату керектігін айтуда. Біз мемлекетімізді сіздермен бірге құрып жатырмыз, біздің ортақ міндетіміз – Қазақстанды бәріміз үшін жайлы мекенге айналдыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің