National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда бокстан АИБА-ның ересектер арасындағы әлем чемпионаты финалын тамашалады

2013 жылғы 26 қазан

Қазақстан спорттың бұл олимпиадалық түрінен әлем біріншілігін алғаш рет өткізді. Бокстан Халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) 17-ші әлем чемпионатын өткізу – еліміздің халықаралық спорт аренасындағы аса маңызды жетістігінің бірі.

Жарысқа 100 елден 457 спортшы қатысты. Чемпионаттың құрметті қонақтары – Халықаралық бокс қауымдастығының, ұлттық федерациялар мен халықаралық спорт ұйымдарының басшылары. Турнирге жалпы саны бір жарым мыңға жуық адам тіркелген.

Еліміздің ұлттық командасы бұдан бұрын әлем чемпионатына он рет қатысып, жалпы саны 24 награда – 6 алтын, 6 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте екі рет үшінші орынға ие болды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің