National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың Қазақстанның жаңа елордасы болып жарияланғанына 15 жыл толуына арналған салтанатты концертті тамашалады

2012 жылғы 10 желтоқсан

 

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен іс-шара аясында Қазақстан Президентінің астананы көшіруге байланысты шешімі туралы деректі фильм көрсетілді.

Концерттік бағдарламада Қазақстанның белгілі эстрада өкілдерінің орындауында республикамыздың жас елордасына арналған әндер бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Қазақстанның елордасы Ақмола Астана болып өзгертілді. Астананың жаңа елорда ретіндегі халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.           


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің