National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Гвинея-Бисау Республикасының Премьер-Министрі Умаро Моктара Сиссоко Эмбаламен кездесті

2017 жылғы 10 қыркүйек

Қазақстан Президенті Гвинея-Бисау Республикасының Премьер-Министріне Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

– Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында ғылым мен технологияларға арналып Астанада алғаш рет өткізіліп жатқан осы ауқымды іс-шараға келгеніңізге қуаныштымыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Гвинея-Бисау Республикасының Премьер-Министрі Мемлекет басшысына саммитке қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

– Африкадағы ислам мемлекеттері Қазақстанға осындай іс-шаралар өткізу кезінде қолдау көрсетуге әзір. Оның негізгі мақсатының бірі – ислам әлемі елдері арасындағы өзекті мәселелер бойынша ортақ ұстаным қалыптастыру, – деді Умаро Моктара Сиссоко Эмбала.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің