National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы 2-ЖЭО-да болды

2012 жылғы 01 қыркүйек

Мемлекет басшысына 2-ЖЭО жаңа су жылытатын қазандығының дайындық жайы көрсетілді және Астанадағы энергиялық қуатты дамыту келешегі туралы баяндалды.

Қазандықтың құрылысы 2008 жылы басталған. Биылғы 25 қыркүйекке дейін іске қосуды ретке келтіру жұмыстарын аяқтау жоспарланған, одан кейін жылу маусымы басталғанда ол пайдалануға берілетін болады. Жобаның жалпы құны – 33 миллиард теңге. Көзделінген қуаттылығы – 480 Гкал-сағ.

Қазандық Астананы сапалы жылумен қамту талабын жақсартуға мүмкіндік береді, елордадағы жылуға деген тапшылықты толықтай жабады және жылу қуатының резервін жасайды.

Сонымен қатар, 2015 жылы 3-ЖЭО-ның бірінші кезеңі қолға алынады, ал 2018 жылы бұл нысанның екінші кезеңінің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Жаңғырту және жаңадан құрылыс жүргізу жөніндегі жобаларды іске асыру энергия кешенін энергиямен қамтуды жақсарту, өмірлік маңызды бар жаңа нысандардың іске қосылуы және жалпы, экономикалық және әлеуметтік салаларды дамыту үшін келешегі зор мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің