National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы «Арай-2» шағын ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысын көрді

2015 жылғы 19 қазан

 

Мемлекет басшысына қаладағы тұрғын үй құрылысының барысы мен жүргізіліп жатқан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа баспанаға қоныстанған тұрғындармен әңгімелесіп, қоныс тоймен құттықтады. Сондай-ақ жас отбасы иесі Ш.Деместің жаңа пәтерінде болып, дастарханынан дәм татты. Қоныс той иелерінің екеуі де білім саласының қызметкерлері. Отбасында екі бала тәрбиелеп отыр.

Елбасы қазіргі кездегі күрделі экономикалық ахуалға қарамастан азаматтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін мемлекет барлық қажетті жағдайды жасай беретінін айтты.

 «Арай-2» шағын ауданында «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 33,5 мың шаршы метрлік 10 үй салынуда. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің