Жаңалықтар

22 қыркүйек 2016
Елбасы әскери өнеркәсіп көрмесінде болды
Петропавл қаласы

Мемлекет басшысы көрмеде Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шығарған әскери техникамен танысты.

Қазақстан Президентіне отандық қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік мүмкіндігі мен жоғары инновациялық әлеуеті көрсетілді.

Көрмені аралап шыққан соң Нұрсұлтан Назарбаев «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «ЗИКСТО» АҚ әскери-өндіріс кәсіпорындарының инженерлерімен және конструкторларымен әңгімелесті.      

***

Әскери техника құрастырумен қатар электрлік белгі беру жабдықтарын, азаматтық және арнайы мақсаттағы радиостансаларды, мұнай-газ секторы мен энергетика кешені кәсіпорындары үшін өнеркәсіп құрылғыларын, вагондар (ашық вагондар, астық таситын вагондар, платформалар) және  көлік саласы үшін басқа да өнім түрлерін шығару мен жаңарту аталған кәсіпорындардың негізгі қызметі болып саналады.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары