Жаңалықтар

7 желтоқсан 2016
Елбасы халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті
Атырау қаласы

«ExxonMobil» компаниясының президенті Д.Вудс, «Total E&P» компаниясының президенті А.Брейяк, «Royal Dutch Shell» компаниясының бас атқарушы директоры Б.ван Берден және  «Eni» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі бас директоры А.Велла қатысқан кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы барлық мәселелерді, соның ішінде экологиялық түйткілдерді шешу үшін бірлесе күш жұмсаудың маңыздылығын атап өтті.

– Қазақстан Үкіметі мен Шетелдік инвесторлар кеңесі ынтымақтастығымыздың аясын кеңейтуге қатысты барлық мәселені қарастыруға дайын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«ExxonMobil», «Total E&P», «Royal Dutch Shell» және «Eni» компанияларының басшылары республикада қолайлы инвестициялық жағдай жасалғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Тәуелсіздік мерейтойының құрметіне орай мұнай құйылған символдық сауыт, сондай-ақ 25 мың голланд қызғалдағы түйнегіне арналған сертификат табыс етті.

Соңында Мемлекет басшысы бірлескен жобаларды жүзеге асырушыларға  табыс тілеп, өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары