National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-да болды

2014 жылғы 03 қыркүйек

 

Мемлекет басшысы металды өңдеу және қайта өңдеу, арматура жасау және ұсақ сортты прокаттар шығару жөніндегі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

Қазақстан Президентіне прокат жасайтын технологиялық желінің жұмысы мен өндіріс технологиясы туралы, сондай-ақ атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралап көрді.

«ЕвразКаспианСталь» ЖШС-ның Қостанай прокат зауыты темірбетонды конструкцияларды арматуралауға арналған ыстық илемді болат өндіреді. Кәсіпорынның қуаты – жылына 450 мың тонна, онда 250-ден астам адам жұмыс істейді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің