Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 қыркүйек 2014
Мемлекет басшысы «Первомайский» БК» ЖШС-ның тауарлы-сүт фермасында болды
Атырау облысы, Махамбет ауданы

Елбасы мұнда өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері шығаратын өнімдердің үлгілерін көрді.

 

Елбасы мұнда өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері шығаратын өнімдердің үлгілерін көрді.

Президентке сондай-ақ өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуы туралы баяндалып, облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан агроөнеркәсіп кешені секторының жобалары таныстырылды.  

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев нысанды аралау барысында облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың басшыларымен әңгімелесіп, экономиканы дамытуда ауыл шаруашылығы басымдығы бар сала болып саналатынын атап өтті.

– Еліміздегі халықтың жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады. Сол себепті біз ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлуге тиіспіз. Қазақстаннан басқа еш жерде мемлекет ауыл шаруашылығына осынша қаражат бөлмейді. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісі үшін барлық жағдай жасалған, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Первомайский» БК» ЖШС-ның тауарлы-сүт фермасы мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында салынған. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 8 тоннадан 16 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығаруға жетеді. Фермада 42 жұмыс орны бар. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары