Жаңалықтар

14 желтоқсан 2007
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикаға сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ қазақстандықтарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарына дипломдар мен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» омырау белгісін та
big-награды.jpg

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталғандардың қатарында мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өндірістік саланың, құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер, соғыс және еңбек ардагерлері бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекет алдында сіңірген еңбегі, әскери борышын үлгілі атқарғаны, ерлігі мен қажырлығы үшін 55078 әскери бөлімнің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы аға лейтенант Азамат Тілеуханұлы Жұмаділовке ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы берілді және айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылды.


Бұл жоғары наградаға ол өрт кезінде өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, жанып жатқан үйден үш баланы анасымен аман алып шыққан батылдығы үшін ие болды.


Қазіргі уақытта А.Жұмаділов ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің парашютті-десанттық рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.


Президент жоғары мемлекеттік награда - «Отан» орденін соғыс ардагері Т.Ж.Бигелдиновке және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке табыс етті. І дережелі «Барыс» орденімен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі М.Тәжин, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Ақтөбе облысының әкімі Е.Н.Сағындықов, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «Газжобалау» ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС-нің (Орал қ.) бас директоры С.М.Камалов марапатталды.


«Парасат» ордені «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК-нің директоры А.Қ.Байгенжинге, жазушы Қ.Ысқаққа, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаевқа табыс етілді. ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Қызылорда облысының Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Р.Чагай марапатталды.


ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.С.Әшімбаев, Алматы облысының Қарасай батыр атындағы орта мектептің мұғалімі Р.Ш.Байғонысова, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс аудандық орталық ауруханасының медбикесі Г.С.Ерімбетова, «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ президенті М.Е.Жәкішев, Қостанай облысы Таран ауданы «Викторовское» ЖШС-нің директоры И.И.Кулик, Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі Ғ.А.Орынбаева, «Миттал Стил Теміртау» АҚ «Абай» шахтасының жерасты тау-кен жұмысшысы А.В.Сербента, спорт ардагері Ә.Тұяқов «Құрмет» орденінің иегері атанды.


Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлығы үшін бір топ әскери қызметшілер ІІ дәрежелі «Даңқ» және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталды.


Ғылым мен техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылатын Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы екі жұмысқа берілді, ал олардың авторлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреаты атағын иеленді.


Президент атап өткендей, отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілетін Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты бүгіннен бастап лауреаттарға Мемлекет басшысының өзі екі жылда бір рет Тәуелсіздік күні қарсаңында тапсырады.


- Осы шешімімізбен біз еліміздегі ғылымның рөлінің артып отырғанын тағы бір мәрте қуаттаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Еуразия ұлттық университетінің математикалық модельдеу кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Мұхтарбай Өтелбаев теориялық физика мен механиканың қазіргі бөлімдері дифференциалдық теңдеулер теориясы, есептеу математикасының маңызды есептерін шешуге арналған «Спектрлік теория және оның қолданыстары» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.


Мемлекеттік сыйлықты иеленген екінші жұмыс – бұл С.М.Әдекенов, Х.И. Итжанова, А.Д. Кагарлицкий, М.Н. Мұхаметжанов, Қ. Мұсылманбеков, Қ.Д. Рахымов, В.Б. Сирота, Қ.М. Тұрдыбековпен орындалып, «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығымен ұсынылған «Қазақстандағы химия, табиғи сесквитерпендік лактондар бойынша зерттеу, олардың негізінде жаңа дәрілік заттарды іздеу және жасау, бірегей отандық фитопрепараттарды өндіру өнеркәсібін ұйымдастыру» жұмысы. Фитохимиктердің жұмысы ғылыми өндірістік үдерістің барлық кезеңін қамтитын - өсімдіктер химиясы бойынша іргелі зерттеулерден бастап қолданбалы зерттеулерге дейін жаңа бәсекелестікке сай өнімді жасауды өндірістік игеру. Жұмыстың ерекшелігі - алынған нәтижелердің инновациялық бағыты. Авторлар ұжымымен шет елдер мен Қазақстаннан 34 патент алынды, 15 фармакопиялық мақала мен тәжірибелі-өндірістік регламенттер алды. Қатерлі ісікке қарсы «Арглабин» препаратының алыну тәсілі Жапония, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Франция, Австрия, Италия, Нидерланды, Швецияда патенттелген.


Соңынан Мемлекет басшысы Н.Назарбаев марапатталғандар мен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттарын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.


Сол күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев бір топ мәдениет және білім қайраткерлеріне, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар