Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қыркүйек 2005
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы жаңа тағайындалған Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ретс Плесумстан, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Равдан Хатанбаатардан және Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Янош Неметадан сенім грамоталарын қабылдады.

Журналистерге берген сұхбатында Латвия Республикасының елшісі Р.Плесумс «Қазақстан сынды елде Латвияның елшілігін ашу үлкен абырой екенін және екі елдің жақсы қалыптасқан өзара тиімді байланысы елшілік ашылғаннан кейін бұдан да тығыз дамитынына, экономикалық байланыстардың екі ел халқы үшін одан әрі тиімді боларына сенім білдірді.

   
 Моңғолия елшісі Р.Хатанбаатар «Қазақстан мен Моңғолия ынтымақтастығы 1992 жылдан бері өзара ықпалдастықтың барлық саласында, оның ішінде сауда-экономикалық арнада да белсенді даму үстінде», - деп атап көрсетті.

 
Венгрия Республикасының елшісі Я.Немет екі ел арасында өте тату қарым-қатынас орныққанын атай отырып, Венгрия Қазақстанның белсенді сыртқы саясатын қолдайтынын жеткізді. Екі елдің экономикалық өзара ықпалдастығы туралы сөз қозғаған елші, өткен жылғы сауда айналымының 100 миллион доллардан асқанына қарамастан, ынтымақтастық әлеуеті өте жоғары екенін атады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар