Жаңалықтар

10 ақпан 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары-БАӘ Президент істері бойынша министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.
02

Әңгімелесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және одан әрі нығайту мәселесін талқылады.

Қазақстан Президенті Астанадағы «Абу Даби Плаза» көпфункционалдық кешеннің жобасы табысты іске асырылып жатқанын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ посткеңестік кеңістікте алғашқы «Әл-Хилял» ислам банкінің табысты қызметін және «Әл-Фалах» бірлескен инвестициялық қорының жұмысы басталғанын ерекше атап өтті.

Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян – БАӘ-нің қазіргі президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның туған бауыры. 2005 жылы мұнай бойынша Жоғары кеңестің мүшесі болды. 2007 жылы шейх Мансур Әмірлік Басқармасының инвестиция жөніндегі төрағасы болып тағайындалды. 2008 жылдан «Манчестер Сити» футбол клубының иесі болып табылады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар