Жаңалықтар

27 желтоқсан 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ауруханасы» РМК-да болып, жоспарлы профилактикалық медициналық тексеруден өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ауруханасы орталық мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік қызметшілеріне медициналық тексеру жүргізуге арналған.

Мемлекет басшысы медициналық орталық үздік батыстық үлгіден кем түспейтін ең заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталғанын атап өтті.

- Бүгін мен Президент Іс басқармасының орталық емханасында менің денсаулығымды бақылайтын жыл сайынғы тексеруден өттім. Біздің барлық мемлекеттік қызметшілерге, әсіресе басшы қызметкерлерге осында қаралуға кеңес беремін. Ел басшылығы, министрлер, әкімдер осындай профилактикалық тексеруден жыл сайын өтуі керек. Бұл денсаулық үшін, ерте диагностика үшін пайдалы. Қаралу үшін әркез шетелге барудың, көп қаржы жұмсаудың қажеті жоқ. Астанада барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған ірі медициналық орталықтар бар. Мен барлығына осында, Қазақстанда тексеруден өтуді және емделуді ұсынамын, - деді Президент.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының бастығы Валерий Бенберин мәлімдегендей, Мемлекет басшысы кешенді профилактикалық медициналық тексеру барысында организм барлық органдары мен жүйелелері толық клиникалық және инструментальдық тексеруден өтті.

Президенттің денсаулық жағдайының негізгі индикаторлары қалыпты мән шегінде – артериялық қан қысымы 120/75 мм.рт.ст., холестерин, қан глюкозасы, креатинин, гормон статусы және т.б. көрсеткіштері өте жақсы. Мамандар жүрек қан тамырлары тәуекелінің төмендігін атап өтті.

Мамандардың қорытындысы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы қалыпты және өте жақсы физикалық формада екенін көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар