Жаңалықтар

8 маусым 2018
Қазақстан Президенті Халық батырларының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары барысында Тяньаньмэнь алаңында орналасқан Халық батырларының ескерткішіне гүл шоғын қойып, қытай халқының ХІХ және ХХ ғасырлардағы ұлт-азаттық күресі барысында құрбан болған перзенттерінің рухына тағзым етті.

Монумент 1840 жылғы Бірінші апиын соғысынан бастап 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейінгі кезеңдегі Қытай революциялық қозғалысының тарихынан сыр шертетін оқиғаларға арналған.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар