National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Экономикалық палатасының Президенті Кристофф Ляйтльмен кездесті

2012 жылғы 23 қазан

 

 

Әңгімелесу барысында тараптар шағын және орта бизнес саласындағы өзара ықпалдастықты дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Австрия жағының Қазақстан Республикасы экономикасын әртараптандыруға көмегі жайын талқылады.

Австрия Экономикалық палатасына барған кезінде Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, Қазақстан-Австрия бизнес-форумы жұмысының басталуымен құттықтады және форум екі елдің де іскерлік топтары арасындағы өзара тиімді байланыстардың кеңеюі мен тереңдей түсуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің