National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қазақстандық БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді

2012 жылғы 22 қараша

 

Мемлекет басшысы брифинг барысында Франция Республикасына сапары маңызды және жемісті болғанын атап өтті.

- Мен сапар аясында Франция Президенті Франсуа Олландпен табысты келіссөздер жүргіздім. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға келістік. Сонымен қатар, Францияның бірқатар саяси және іскер топ өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді. Біз түрлі салалардағы мемлекетаралық өзара іс-қимылды кеңейту мәселесін талқыладық. Атап айтқанда, әуе және темір жол көлігі өндірісі, жаңартылған энергия көздері туралы әңгіме болды. Қазақстан үшін франциялық технология трансферті маңызды мәнге ие. Жалпы, бүгінде республикада түрлі салаларда тұтас алғанда франциялық серіктестерімізбен 25 бірлескен жоба іске асырылуда, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесін өткізу үшін Астананы таңдау туралы шешімге түсініктеме берді.

- Мен еліміз үшін кезекті өте үлкен жеңіске қол жеткізгенімізді зор қуанышпен айтқым келеді. EXPO-ға мүше елдің басым көпшілігі Астанаға дауыс берді. Біз 103 дауыс алдық. Осылайша Астана соншама ауқымды іс-шараны өткізетін қала ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуаныш екенін атап көрсетті. Өйткені, елімізге 100-ден астам мемлекеттің өкілдері келеді және осы көрмеде өздерінің павильондарын құрады.

-  EXPO-2017 көрмесі Қазақстанды тағы да күллі әлемге танытады. «Болашақтың энергиясы» - бүгінгі күндегі маңызды тақырып. Бұл көрме әлемдік экономика дамуының күн тәртібін анықтайды. Біз бұл міндетті шешуге тиіспіз. Біз Астанада EXPO-2017 көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан - жаңа елордамыздың ең үздік бренді болады. Бұл - біздің мүмкіндігімізді көрсететін бүкіл Қазақстан үшін, барша қазақстандықтар үшін жақсы оқиға. Мен осы оқиғамен қазақстандықтарды тағы да құттықтаймын! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.           


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің