National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті

2015 жылғы 12 тамыз

 

Кездесу барысында екі мемлекеттің көшбасшылары еуразиялық ықпалдастық мәселелерін және Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты өзара іс-қимылдың, сондай-ақ оған ЕАЭО аясында қолдау көрсетудің жаңа жағдайларын талқылады.

Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен оның инвестиция, өнеркәсіп, жол құрылысы, туризм және басқа салалардағы перспективалары қарастырылды.

Мемлекет басшысы қазақ-қырғыз қарым-қатынасы әрдайым жоғары деңгейде екенін, Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі қазірдің өзінде 1 миллиард доллардан асатын тауар айналымын одан әрі жандандыра түсуге жағдай туғызатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, кедендік шекараларды ашу екіжақты экономикалық қатынастарға оң ықпал етіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері  өңірлік қауіпсіздік мәселелері және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде де пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қырғызстан А.Атамбаевтың басшылығымен орнықты даму қарқынын көрсетіп отырғанына назар аударды.

Қырғыз көшбасшысы Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші рөлін атай отырып, сапарлап келгені және жемісті ынтымақтастық үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің