National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысына қатысты

2014 жылғы 10 қазан

 

Отырыста алдағы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жұмысқа қатысты басымдығы бар мәселелер қаралды.

Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартты ратификациялау жөніндегі заң жобаларын елдердің бәрі Парламенттеріне бір мезгілде енгізгенін атап өтті.

- Одақты 2015 жылы 1 қаңтарда іске қосу жұмыстары белгіленген тәртіпте жүзеге асуда. Қазақстан Шартты ратификациялау үдерісін аяқтады. Сонымен қатар, экономикалық одақ органдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев отырыстың негізгі тармақтарының бірі Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Арменияның қосылуы туралы Шартқа қол қою болып отырғанын айтты.

- Барлық құқықтық және экономикалық, соның ішінде Арменияның Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасында болуына қатысты мәселелер қысқа мерзімде келісілді. Бұл айтулы оқиға. Өйткені, Еуразиялық экономикалық одақ алғаш рет кеңейіп отыр. Мен Арменияның одаққа қосылуы туралы Шартқа қол қою үшін ешқандай кедергі жоқ деп есептеймін, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті күн тәртібіндегі маңызы одан кем емес тағы бір тармақ Қырғызстанның бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуы жөніндегі мәселе екеніне де тоқталды.

- Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы жөніндегі "Жол картасы» жоспарлы түрде орындалуда. Бүгін біздің бекітуіміз үшін Қырғызстанның БЭК-ке қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары ұсынылды. Құжат сарапшылық деңгейде жақсы пысықталған, осы бір күрделі үдерістің барлық мәселелерін қамтыған. Жол картасын жүзеге асырудың қатаң регламенттелген мерзімдері сақталады деп үміттенемін. Біз өз тарапымыздан Қырғызстанға қажетті әдістемелік және техникалық көмек көрсететін боламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия Департаментінің кадрлық қамтылу мәселелеріне де тоқталып, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Комиссия қызметкерлерінің үлесін арттыру жөніндегі ұсынысын айтты.  

Нұрсұлтан Назарбаев жалпы алғанда елдерімізді ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанына, соның бірі халықты ақпараттандыру жөнінде екенін айтты.  

- Бірлестіктен алатын артықшылықтарды бизнесмендерге, халыққа қарапайым, ұғынықты тілмен жеткізу керек. Бұл тақырыпқа қатысты ешқандай алыпқашпа болмауы тиіс. Осы орайда, халықаралық шарттарды, одақ органдарының шешімдерін қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік тілдеріне уақытылы және сапалы түрде аудару, сондай-ақ оларды жариялау туралы Шарттың нормасын толық көлемінде жүзеге асыру қажет. Комиссия алқаларына осы жұмысты жеделдеткен жөн, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Кеңестің келесі отырысы желтоқсан айында Мәскеуде өтетінін айтты.

- Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартты ратификациялаудың барлық рәсімдері алдағы отырыста  аяқталады және біз 2015 жылғы 1 қаңтардан жұмыстың жаңа форматын іске қосуға дайын екенімізді жариялаймыз деп ойлаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Арменияның қосылуы туралы Шартқа қол қою рәсімі болып өтті.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің