National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Боао Азия форумы басқармасының төрағасы, Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Ясуо Фукудамен кездесті

2016 жылғы 08 қараша

Кездесу барысында Мемлекет басшысы саясаткерлер, бизнесмендер және ғылым қайраткерлері арасында жоғары деңгейдегі диалог үшін маңызды іс-шара болып саналатын Боао Азия форумына Қазақстанның белсене қатысып келе жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Боао Азия форумының ұйымдастыру комитеті мен Астана экономикалық форумы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өзінің Жапонияға сапары аясындағы кездесулердің жемісті болғанын жеткізді.

– Мен Премьер-Министр Абэмен келіссөз жүргізіп, Жапония парламентінде сөз сөйледім, сонымен бірге елдеріңіздің іскер топтар өкілдерімен кездестім, – деді Елбасы.

Я.Фукуда Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония парламентінде сөйлеген сөзі тыңдаушылар тарапынан өте жоғары бағаға ие болып, Премьер-Министрмен жүргізілген келіссөздерде нақты уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.

– Бұл елдеріміздің арасында ынтымақтастық орнатуға лайық зор кеңістік бар екенін тағы да дәлелдей түседі, – деді Боао Азия форумы басқармасының төрағасы.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің