National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумының «Өзара байланысты ынтымақтастық жолындағы бірлескен іс-қимыл» тақырыбында өткен сессиясына қатысты

2017 жылғы 15 мамыр

Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзінде Қазақстанның құрлық елдері арасындағы тату көршілік қатынастарды нығайтуды белсенді түрде жақтайтынын және Қытайдың трансөңірлік кооперацияны дамыту жөніндегі талпынысын қолдайтынын атап өтті. 

Қазақстан Президенті бүгінгі таңда «Нұрлы жол» және Жібек жолы экономикалық белдеуі бағдарламаларын ұштастыру жоспары аясында Қазақстан мен Қытайдың индустрияландыру саласындағы ынтымақтастығын үйлестіру ісі басталып кеткенін айтты.   

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзін жоғары бағалап, Қазақстанды трансқұрлықтық транзиттік тасымалдаудың «чемпионы» деп атады. 

Соңында Мемлекет басшысы осындай кездесулерді жоғары деңгейде өткізудің маңыздылығын атап өтіп, Форумды ұйымдастырғаны үшін Си Цзиньпинге алғыс айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің