National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2017 жылғы 06 шілде

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты тағы да туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жаңа табыстар тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, биылғы 4-5 шілдеде Астанада өткен Сирия мәселесіне қатысты кезекті халықаралық кездесудің қорытындыларына ерекше мән берілді.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің