Жаңалықтар

1 желтоқсан 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Өзбекстан көшбасшысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен амандық, жаңа табыс тіледі.

Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі тұрақты диалогтар Қазақстан мен Өзбекстанның кең ауқымды бағыттар бойынша серіктестіктігінің жемісті болуының кепіліне, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтудың және өзара іс-қимылды арттырудың маңызды факторына айналғанын ерекше атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары