Жаңалықтар

14 ақпан 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті әңгіме барысында Г.Бердімұхамедовті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс және жаңа жетістіктер тіледі.

Мемлекеттер басшылары екі халықтың тарихи тұрғыдан жақындығын, сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасты атап өтті.

Сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.  Түрікменстан Президенті шақыруды зор ілтипатпен қабыл алды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары