National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның құттықтауы

2015 жылғы 07 шілде

 

В.Орбан Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігі арқасында Қазақстан мойындалуға лайықты даму жолынан өткенін айтады.  

«Астанадағы таяуда өткен кездесуіміз дәлелдеп бергендей, соңғы жылдары біздің ынтымақтастығымыз барған сайын қарқын алып, стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткені қуантады. Достық пен бауырластық біздің өзара табысты ықпалдастығымыздың кепілі болып келеді», – делінген жеделхатта.

Венгрия премьер-министрі Қазақстанда бастау алған стратегиялық даму бағдарламаларының жүзеге асырылуы үлгі алуға тұрарлық екеніне назар аударған.

«Сіздердің алдарыңызда өзге де ауқымды міндеттер тұр, соның қатарында Венгрия тиісті деңгейде атсалысатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу мақсаты көзделген», – деді В.Орбан.

                            


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің