Жаңалықтар

17 наурыз 2010
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Виктор Януковичпен телефон арқылы сөйлесті.

Украина басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын қабыл алды және өз кезегінде Қазақстан басшысын Украинаға келуге шақырды.

Әңгімелесу барысында тараптар қазақстандық-украиналық сауда-экономикалық қарым-қатынастардың кешенін қарастыратын және ғарыштық саланы қоса алғандағы, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындайтын үкіметаралық комиссияның отырысын өткізу туралы келісімге қол жеткізді.

Мемлекет басшылары жаңа кезеңдегі саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылықтарын білдірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар