Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 тамыз 2008
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіне сапары испандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатыр.

«...Сенбі күні, 26 шілдеде Пальма қаласында Испания королі Хуан Карлос І Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алды» деп жазады «Vanguardia» газеті. Аталған басылымның журналистері «Испания королі Хуан Карлос пен бұрынғы кеңестік республиканың президенті арасында шынайы да тығыз қарым-қатынас орнағанын» айтады.


«АВС» газетінде Қазақстан көшбасшысының Испанияға сапарына байланысты арнайы репортаж жарық көрді. Жергілікті журналситердің мәліметіне сәйкес «Сарагосадағы дүниежүзілік «Экспо» көрмесі аясында Қазақстанның ұлттық күнін меркелеуге келген ҚР Президенті Н.Назарбаевтың құрметіне Испания королі арнайы қонақасы берді». Басылым екі ел басшыларының 14 жылдан бері достық қарым-қатынаста екенін» айтады. Салтанатты қонақасыға Испания сыртқы істер мемлекеттік хатшысы Анхель Лоссада, сондай-ақ Король сарайының бас хатшысы Рикардо-Диес Хошляйтнер қатысқан.


Испан газеті «Mallorca Diario» хабарлауынша: «Испания королі өзінің жаны құмар екі нәрсені – теңіз бен гастрономияны қонаққа көрсетуді ұмытқан жоқ. Таңертең катермен бірге серуендеген қос саясаткер сұхбатты кешкі ас үстінде жалғастырды. Қазақстаннның Президенті Нұрұслтан Назарбаев испандық қонақжайлықты терең сезінді. Ескі таныстар, екі елдің басшыларына қарап Испания мен Қазақстан арасындағы сенімді де достық қарым-қатынастың қаншалықты жоғары деңгейде екеніне көз жеткіздік. Ыстық ықылас кездесудің алғашқы сәтінен-ақ айқын көрінді».


ҚР Президенті сапарының тақырыбы «EFE» ақпарат агенттігінің көлемді репортажынан толықтай көрініс тапты. «Екі көшбасшының достығы Н.Назарбаевтың 1994 жылы Испанияға жасаған сапарынан басталған. Содан бері мемлекет басшыларының байланысы үзілген емес» дейді ақпарат агенттігі.


Агенттіктің пікірінше, жоғары деңгейдегі ынтымақтастыққа экономикалық фактордың ықпалы зор. Мысал үшін, қазіргі уақытта испандық «Тальго», «Индра», «Репсол» сияқты компаниялары Қазақстанда жемісті жұмыс істеп жатыр. 2007 жылғы маусымдағы Испания королі Хуан Карлос І пен София патшайымның Астанаға екі күндік сапары барысында инфрақұрылым, көлік, телекоммуникация, агроиндустрия, энергетика мен туризм салаларына испан кәсіпорындарын қатыстыру туралы меморандумға қол қойылған болатын.


Сондай-ақ, агенттік Сарагосадағы дүниежүзілік «Экспо» көрмесі аясында Қазақстанның ұлттық күні мерекеленгенін хабарлайды. «Қазақстандық павильонға келгендер елдің сан алуан су қорлары мен оның экономикадағы рөлі туралы жан-жақты мағлұмат алады».


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар