Жаңалықтар

27 желтоқсан 2011
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес марапатталған белгілі спортшыға «Парасат» орденін тапсырды.

Кездесу барысында Қанат Саудабаев «Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен Қазақстан әлемдегі танымал әрі құрметке лайықты демократиялық мемлекетке айналды. Қазақстанның әлемдік танылуына еліміздің барлық патриоттары өздерінің күн сайынғы еңбектерімен, тамаша өнерімен және әлемдік биіктіктерді бағындырудағы асқан шеберліктерімен үлестерін қосты. Олардың қатарында әлем чемпионы, Афиныдағы Олипимдалық ойындардың күміс жүлдегері, Қазақстан спортының мақтанышы Геннадий Головкин де бар», деп атап өтті.

Отанымыздың жоғары наградасын атақты спортшыға- Қарағанды спорт мектебінің түлегіне тапсырып тұрып, Мемлекеттік хатшы:

- Мемлекет басшысы шене шынықтыру мен спортты дамытуды қолдауға әрдайым мүмкіндіктер табады. Еліміздің барлық өңірінде спорт мектептерінің желісі кеңейіп келеді, заманауи стадиондар мен спорттық кешендер пайдалануға берілуде. Мысалы, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қарағанды қаласында жоғары халақаралық талаптарға сәйкес келетін бокс сарайы, мұз айдыны, теннис корты ашылды, - деп атап өтті.

Әлем чемпионы өз сөзінде:

- Әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекеде Қазақстан Туын жоғары көтеру мен үшін зор мақтаныш болды. Мен бұл жеңісімді ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына және Президентке арнаймын, - деді.

Геннадий Головкин  кәсіпқой бокстағы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы болып табылады. Геннадий кәсіпқой ринте 22 кездесу өткізіп,  оның бәрінде де (19-ы нокаутпен) жеңіске жетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар