Жаңалықтар

14 желтоқсан 2007
Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жақын және алыс шетелдердің басшыларынан көптеген құттықтаулар келіп түсуде.

Солардың алғашқылары қатарында өзінің жүрекжарды құттықтауын Қазақстан басшысына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин жолдап отыр.

«Бүгінгі күні дос ниетті Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыстарын орынды мақтан ете алады. Республиканың халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді, қоғамдағы ұлтаралық қатынастар да жетілдіріле түсуде. Парламенттің төменгі палатасына жақында болған сайлаудың қорытындылары Қазақстанның осыдан әрі де демократиялық өзгерістер жолымен айнымай жүріп, ұлттың әл-қуатын арттыруға деген ұмтылысын айқын көрсетіп берді.

Біз Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің дәйектілікпен тереңдей түскеніне үлкен көңіл бөлеміз. Көбіне-көп біздің барлық деңгейдегі басқа еш жерде жоқ белсенді саяси үнқатысуларымыздың арқасында көпжақты ынтымақтастықтарымыз үзіліссіз дамып келеді. үстіміздегі жылы ол отын-энергетикалық, көлік және атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдалану салаларындағы кең көлемді инфрақұрылымды жобалармен байи түсті. Ресей мен Қзақстанның халықаралық аренадағы, Еуразия кеңістігіндегі аймақтық интеграциялық құрылымдардағы күштерін үйлестіру өзінің тиімділігін көрсетті. Ресей мен Қазақстанның одақтастық қатынастарының зор әлеуеті алдағы уақыттарда да біздің елдеріміз халықтарының мүддесіне қызмет етіп, Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қаматмасыз ететініне сенемін.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен Сізге алдағы уақытта мықты денсаулық, жауапты қызметіңізде табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен гүлдену тілеймін», - делінген Ресей Президентінің құттықтауында.


«Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне байланысты менің шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыз. Біздің елдеріміздің арасындағы уақыт сынынан өткен достық қатынастар алдағы уақыттарда да халықтарымыздың мүддесі мен игіліктері үшін Орталық Азия аймағындағы өзара түсіністік, тұрақтылық және қауіпсіздікке қызмет ете отырып, одан әрі де дамып, тереңдей беретініне сенімдімін.

Осы мүмкіншілікті пайдаланып, мен Сізге, аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, зор денсаулық және табыс, ал туысқан Қазақстан халқына баянды тұрмыс пен гүлденген өмір тілеймін, делінген Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтың құттықтауында.


Тәуелсіздік күніне байланысты Мемлекет басшысының атына Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиевтен де құттықтау түсті.

«Біз қатар отырған туысқан халықтарымызды берік байланыстыратын шын жүректі тату көршілік, достық, өзара құрмет пен сыйластыққа негізделген жарқын дәстүрлерімізді қатты құрметтеймыз. Тең құқылы әріптестік қағидатына негізделген Қырғызстан мен Қазақстанның одақтық қатынастарыәлеуметтік-экономикалық, техникалық және мәдени-гуманитарлық дамуымызда жаңа табыстарға жеткізетініне сенемін. Осынау жақсы мүмкіншілікті пайдаланып, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге зор денсаулық, жоғарғы мемлекеттік қызметіңізде табыс, ал туысқан Қазақстан халқына баянды тұрмыс пен одан әрі гүлдене беруді тілеймін», делінген құттықтауда.


Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған құттықатуында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон былай деп жазады:

"Тәжікстан біздің елдеріміздің арасында қол жеткізіліген ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалайды және оған зор құрметпен қарайды. Қазақстанның тамаша табыстары мен Тәжікстан дамуының жоғары қарқынды біздің барлық бағыттағы қатынастарымызды жеделдетуге және әртараптандыруға мықты негіз болады.

Сіздің Душанбеге ресми сапармен келгеніңізде қол қойылған құжаттар мен тараптардың сындарлы күштері екіжақты әріптестіктің дами түсуіне қосымша серпін берер деген үміттемін. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге денсаулық, бақыт және табыс, ал туысқан Қазақстан халқына игілік пен гүлдену тілеймін».


Украинаның Президенті Виктор Ющенко да Елбасы мен Қазақстан халқын республиканың Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Бүгінгі күні біздің елдеріміз екі ел халықтарының достық байланысының арқасында саяси үнқатысудың жоғары деңгейіне қол жеткізді, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға берік іргетас қалады деп сеніммен айтуға болады. Соның айқын көрінісі 2007 жылы Қазақстан Республикасының Украинадағы жылының табысты аяқталғаны болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге мықты денсаулық, бақыт және табыс, ал Қазақстан Рсепубликасының дос халқына бейбітшілік, баянды тұрмыс және одан әрі гүлдене беру тілеймін», делінген құттықтауда.


Өзінің хатында Австрия Республикасының Федералды президенті Хайнц Фишер былай дейді:

«Жоғары мәртебелі Президент, мені Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесіне орай Сізге өзімнің шын жүректен құттықатуымды жеткізу мүмкіншілігіне ие болғаным қатты қуантады. Осы мүмкінішілкті пайдаланып, мен Сіздің жеке басыңызға игіліктер, сондай-ақ Қазақстан халқына бақытта болашақ тілеген өзімнің құттықтауымды жолдаймын».


Үндістан Президенті Пратибха Дэвисингх Патил ханымның құттықтауында былай делінген:

«Үндістан мен Қазақстан жылы да достық қатынастарда, мен біздің елдеріміздің екіжақты қатынастары әртүрлі саладағы көпқырлы ынтымақтастықтарымыздың арқасында одан әрі де баянды бола беретініне сенімдімін.

Жоғары мәртебелі Президент, мен Сіздің жеке басыңызға деген өзімнің ең жақсы тілектерімді жолдаймын, сондай-ақ дос көңілдегі Қазақстан халқына баянды тұрмыс пен бақыт тілеймін».


Корея Республикасының Президенті Но Му Хен өзінің жолдауында былай дейді:

«Сіздің және барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтау мен үшін үлкен бақыт. Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасында түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықтың беки түскенін қанағатпен атай отырып, біздің халықтарымыздың арасындағы достық пен түсіністік екі жақтың мүддесі үшін одан әрі дами түсетініне сенімді екенімді жеткіземін».


Австралия Одағының Генерал-губернаторы Майкл Джеффри өзінің жолдауында Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына Австралияның халқы мен Үкіметінің атынан елдің Тәуелсіздік күніне орай игі тілектер айтады.

«Мені соңғы жылдарда түрлі салада, соның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, инфрақұрылымды дамытуда, білімде екіжақты ынтымақтастықтардың бекіп келе жатқаны жақсы үміттерге жетелейді. Біздің елдеріміздің арасындағы достық қатынастар одан әрі дами беретініне сенім білдіруге рұхсат етіңіз» делінген құттықтауда.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар