Жаңалықтар

18 қазан 2005
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рухани келісім күнімен құттықтады.

-Бұл күн біздің ұлтымыз бен ұстанатын дінімізге қарамастан Қоғамымыздағы тұрақтылық пен келісім үшін баршамызды біріктіріп отыр. Біз болашаққа берік сеніммен қараймыз. Бұл үшін бізде ең бастысы – бейбітшілік пен тұрақтылық бар. Бұл мен әрқашанда мақтан тұтатын біздің басты байлығымыз және мен барлық қазақстандықтарды осы байлығымызды бағалай білуге шақырамын, – делінген құттықтауда.

Біздің жанымыздағы төзімділік пен үнқатысуға деген ықылас-ниет, біздің қалаларымызда қатар бой түзеген мешіт пен православ ғибадатханасы, костел мен синагогалар, біздің жеріміздегі бейбітшілік пен келісім, – бұл қазақстандықтардың өміріндегі айшықты ақиқат пен айқын көріністер. Алайда басқа елдердегі адамдардың ұлттық және діни сезімдерін қақтығыстар мен шиеленістерді ушықтыру үшін үздіксіз пайдалану әрекеттері аясындағы қазіргі заманғы қауіп-қатерлер жағдайында біздер қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтап қана қоймай, оны күшейте түсуіміз керек. Рухани келісім күні бірлік пен мейірімділік, игілік пен өркендеу күндеріне айналсын, - делінген құттықтауда.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар