Жаңалықтар

1 желтоқсан 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Ақорда маңындағы алаңда орнатылған еліміздің жаңа жылдық бас шыршасын жағу рәсіміне қатысты.
big011209_original

Президент биыл екінші рет еліміздің бас алаңында төрімізге озғалы отырған Жаңа жылды және қыс мезгілін қарсы алып отырғанымызды атап өтті. Бұл дәстүрге айналып келеді. Осы күні Қазақстанның барлық қалаларында, ауылдары мен елді мекендерінде жаңа жылдық шырша шамшырағы жағылады.

- Келе жатқан мереке әсіресе үлкендер мен балалар үшін ерекше ыстық. Балалар үшін Жаңа жылдың келуі – армандарының жүзеге асуы, керемет әсерлерге толы сәттер болса, үлкендер үшін – балалық шағын сағынышпен еске алу болмақ. Қазақстанда өскелең ұрпақтың білімді де мәдениетті болып өсуі үшін барлық жағдай жасалған. Біз бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз,- деп атап өтті Н.Назарбаев.

Президент барша қазақстандықтарды жаңа жылдық шаралардың басталуымен құттықтады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар