Жаңалықтар

24 желтоқсан 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Министр Президентке елдің агроөнеркәсіптік секторының жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары туралы баяндады.


- Биылғы жылы 17,5 млн. тонна астық жиналды, мал басы 4,6 пайызға артты. Соңғы бес жылда алғаш рет сауда айналымында оң сальдо қалыптасты – ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты импорттан 350 миллион долларға асып түсті, - деді А.Күрішбаев журналистерге арналған брифингте.


Кездесу барысында сондай-ақ әлемдік дағдарыстың ықпалы жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың перспективалары талқыланды. Әңгіменің өзекті тақырыбы бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуы болды. Атап айтқанда, қосымша бөлінетін бір миллиард теңгеге импорт алмастыратын жобаларды іске асыру жайы әңгіме болды.


- Мемлекет басшысы алдағы көктемгі егіншілік жұмыстарға тыңғылықты дайындалу міндетін алға қойды. Басымдықты дақылдар егістік алқаптарының көлемі 2009 жылы да биылғы жылдағыдан төмен болмауы айрықша атап көрсетілді, - деп атап өтті министр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар