Жаңалықтар

11 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады.

А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына министрліктің ағымдағы қызметі туралы, атап айтқанда, «электронды үкімет» үшін инфрақұрылымды жетілдіру саласындағы және мемлекеттік органдардың бизнеске электронды қызмет көмек көрсету үдерісін автоматтандыру барысы туралы баяндады.

Министр бүгінгі күнге дейін 800 мыңнан астам электронды анықтама берілгенін мәлімдеді.

Президент министрліктің басшылығына халыққа электронды қызмет көрсетуді кеңейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды, электрондық лицензиялау жүйесіне ерекше көңіл бөлуді, бизнесмендердің рұқсат ету құжаттарын алу рәсімін жеңілдетуді тапсырды.

Кездесу барысында сондай-ақ ақпараттық кеңістікті дамыту саласындағы жұмыстар туралы, атап айтқанда, сандық телевизияны енгізу туралы әңгіме болды.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2010 жылдың соңында Қазақстанда спутниктік сандық телевизияны іске қосу қажет. Аталған шара еліміздің барлық халқына, жекелеген өңірлердің тұрғындарын қосқанда, қазақстандық телебағдарламаларды көруге мүмкіндік береді. Сандық спутниктік телехабарларын тарату жобасы ақпараттық теңсіздікті еңсеруге бағытталған, - деді журналистерге арналған брифингте А.Жұмағалиев.   


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар