Жаңалықтар

18 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев діни орталықтар жетекшілері мен «Төзімділік арқылы – рухани бірлікке» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларды қабылдады.
120.jpg

Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Әбсаттар Дербісәлі, Астанадағы рим-католиктері  Әулие Мария шіркеуінің архиепископ митрополиті Томаш Пэта, Қазақстанның Бас раввині Ешая Коген, Константин-Елин кафедралды ғибадатханасының настоятелі архимандрит Серапион (Игорь Дунай),  Христиан адвентистері жетінші күн шіркеуі Солтүстік Қазақстан конференциясының президенті Даниал Павелко және Құранды орыс тіліне аударған, арабтанушы-ғалым Валерия Порохова болды.

 

-Мен сіздерді және Сіздер арқылы барша діндар адамдарды қарсы алып отырғаныма қуаныштымын,–деді Президент кездесуді ашып.

Қазақстанда іс жүзінде Конституциямен бекітілген ұждан бостандығы қамтамасыз етіліп келеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы діни бірлестіктердің жалпы саны төрт еседен астамға артты. Елімізде қырықтан астам конфессиялардың атынан үш мыңнан аса діни бірлестік жұмыс істейді. Мешіттер саны 1700-ге дейін өсті. Православтық шіркеулер саны төрт есеге, католиктік орталықтар екі есеге ұлғайды. Протестанттық бірлестіктердің мыңнан астам миссиялары мен дұға оқу үйлері жұмыс істейді, елімізде сондай-ақ 21 иудей қауымдастығы қызмет етеді. Басқа да сенім-нанымдарды ұстанушылар қатарды толықтырды. Қазақстанда діни факторды саясаттандыру үдерісіне жол берілген жоқ. Діни конфессиялардың маңызды сипаттарының бірі олардың бір-біріне деген өзара құрметі болып табылады.

 

-Қазіргі әлем қақтығыстарды ушықтыруда және солардың басым бөлігі діни факторды пайдалану әрекетімен тікелей байланысты. Сонымен бірге, әлбетте, дінаралық қақтығыстар қазір де, болашақта да болмай қоймақ емес.

Лаңкестік пен экстремизм шекараларды мойындамайтыны сияқты адам өмірінің құндылығын да мойындамайды. Сондықтан да мемлекеттік органдар мен тұтастай қоғамның және дін басыларының ортақ міндеті болып табылатын, лаңкестік пен экстремизмнен қорғанудың берік жүйесін құру аса маңызды, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Елбасы сөзінің толық мәтінін қараңыздар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар