Жаңалықтар

31 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым Қайсенов ағамыздың өмірден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

- Халқымыздың аяулы перзенттерінің бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, даңқты партизан, майдангер-жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов ағамыздың өмірден озғанын естіп отырмын. Аса ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

 

Қасым аға өзінің бүкіл болмыс-бітімімен батыр болып жаратылған жан еді. Мұның өзі оның әрбір іс-әрекетінен көрініп тұратын. Ел тәуелсіздігін қуана қарсы алған ол әрбір табысымызға шаттанып, әрдайым өзінің турашыл, ақсақалдық пікірлерін ортаға салып отыратын.

 

Қайсеновтің өмір шындығына негізделіп жазылған тамаша кітаптарын жастарымыздың әлденеше буыны қызыға оқып, ержетті. Мұның өзі олардың отансүйгіш, батыр да батыл болып өсуіне ықпал еткені күмәнсіз. Ол шығармалар келешекте де қастерлі қазынамыз болып қала бермек, - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар